19 маусым 2024 16:47

Прокуратура ҚТЖ әрекетіне байланысты сотқа шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Прокуратура ҚТЖ-ның вокзал жолдарын жалға беру әрекетіне сотқа шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.


Прокуратура ҚТЖ-ның вокзал жолдарын жалға беру әрекетіне сотқа шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Талдау барысында "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікке билік ету кезінде негізсіз артықшылық беру деректері анықталған.

"Осылайша, теміржол операторы 3 жыл бойы "Востокмашзавод" АҚ-ға мүліктік жалға беруге жатпайтын станциялық жолдарды уақытша меншікке берді, бұл жалға алушыларға 4 миллиард теңгеге жуық бос тұрған вагондар үшін міндетті төлемдерді болдырмауға мүмкіндік берді.

Осыған байланысты прокуратура Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының соттарына жалға беру шарттарын бұзу туралы, талап арыздар берді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қадағалау органының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды (сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети