27 сәуір 2016 | 10:38

Прокуратура Семейдегі рұқсат етілмеген шерудің салдары жөнінде ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pavon.kz © Pavon.kz

Прокуратура Семейде өтеді делінген рұқсат етілмеген шерудің салдарын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Прокуратура Семейде өтеді делінген рұқсат етілмеген шерудің салдарын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен алдын ала ескерткім келеді, заңда бейбіт шеру өткізудің ережелері бекітілген. Осы талапты сақтау керек. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Бекітілген мерзім бар. 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органға өтініш жолдау керек, шеру өткізуге арналған арнайы орындар бар. Жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз, заңмен бекітілген ережелерді сақтамай шеру өткізуге болмайды. Бұл талаптар орындалмаса, әкімшілік жаза қолданылады. Ал мұндай шерулер кезінде тәртіпсіздік болса, қылмыстық жаза қолданылады", - деді Семей прокуроры Тәжиден Найманов.

Қала басшылығы журналистер арқылы халыққа арандатушылыққа ермей, Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді дұрыс түсіну жөнінде жолдау айтты. "Барлығы заңның аясында, өте мұқият жасалып отыр. Семей билігі қолданыстағы заңның аясында мемлекеттің мүддесін қорғауға дайын", - деді әкім Ермак Сәлімов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарға өз құқықтарын, сондай-ақ елде қабылданып жатқан заңдарды, соның ішінде Жер кодексін дұрыс түсіндірудің маңыздылығын атап өткен болатын. "Ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату туралы мәселе көтерілген емес, талқыланбайды да", - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы барысында.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жердің сатылатыны туралы қауесет таратқандардың жазаланатынын ескертті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети