25 мамыр 2017 12:58

Прокурор Әблязовті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2017 жылдың 24 мамырында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БТА Банкіндегі қаражат жымқыру ісі бойынша сот отырысы өтті. Мемлекеттік айыптаушы Мұхтар Әблязовті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2017 жылдың 24 мамырында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БТА Банкіндегі қаражат жымқыру ісі бойынша сот отырысы өтті. Мемлекеттік айыптаушы Мұхтар Әблязовті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдына БТА банкінің бұрынғы үш топ-менеджері - басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмеш, БТА банкі басқарма төрағасының бірінші орынбасары, кредиттік комитеттің бұрынғы төрағасы Жақсылық Жарымбетов пен несиелеу мәселесі жөніндегі директор Қайрат Садықов келді. Ал Әблязовтің өзі сот отырысына қатыспады.

"Әблязов Мұхтар Кабылұлы - Қазақстан Республикасының азаматы, 1963 жылдың 16 мамырында дүниеге келген, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, осыған дейін сотты болған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 263-бабының 4-бөлігі бойынша - "Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу", 176-баптың 3-бөлігі бойынша - "Тыңшылық", 220-баптың 1-бөлігі бойынша - "Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану", ҚР Қылмыстық кодексінің 228-бабы бойынша - "Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу". Әблязовтің мүлкін тәркілеп, оны 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деді прокурор.

Осыған дейін БТА банкі басқармасының бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мәмештің өзіне тағылған айыптарды толықтай мойындағаны хабарланған болатын. "Маған тағылған айыптардың барлығын мойындаймын және істеген ісіме өкінемін", - деген еді ол.

Айта кетейік, Әблязовтің өзі сотқа қатысып жатқан жоқ, оның мүддесін мемлекет тағайындаған адвокат қорғап отыр. Сотталушы ретінде БТА банкінің бұрынғы топ-менеджерлері қарастырылып отыр. Олар - басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмеш, басқарма төрағасының бірінші орынбасары - кредит комитетінің төрағасы Жақсылық Жарымбетов, кредиттеу бойынша директор Қайрат Садықов. Мәмеш пен Садықов сотта өз кінәсін ішінара мойындаса, Жарымбетов толықтай мойындап отыр. 

Еске салайық, Әблязов қылмыстық топ құрды және оған басшылық етті, БТА банкінің қаражатын жымқырды және оларды заңдастырды, банк қаражатын заңсыз қолданды және өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети