23 мамыр 2017 12:21

Әблязовтің ісі бойынша тағы бір cотталушы кінәсін толықтай мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

БТА банкі басқармасының бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мәмеш өзіне тағылған айыптарды толықтай мойындады. Осыған байланысты сот тараптарды тыңдау процесін кейінге қалдырды. Бұл туралы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БТА банкі басқармасының бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мәмеш өзіне тағылған айыптарды толықтай мойындады. Осыған байланысты сот тараптарды тыңдау процесін кейінге қалдырды. Бұл туралы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маған тағылған айыптардың барлығын мойындаймын және істеген ісіме өкінемін", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетов та кінәсін толықтай мойындаған еді.

Айта кетейік, Әблязовтің өзі сотқа қатысып жатқан жоқ, оның мүддесін мемлекет тағайындаған адвокат қорғап отыр. Сотталушы ретінде БТА банкінің бұрынғы топ-менеджерлері қарастырылып отыр. Олар - басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмеш, басқарма төрағасының бірінші орынбасары - кредит комитетінің төрағасы Жақсылық Жарымбетов, кредиттеу бойынша директор Қайрат Садықов. Мәмеш пен Садықов сотта өз кінәсін ішінара мойындаса, Жарымбетов толықтай мойындап отыр. 

Еске салайық, Әблязов қылмыстық топ құрды және оған басшылық етті, БТА банкінің қаражатын жымқырды және оларды заңдастырды, банк қаражатын заңсыз қолданды және өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып жатыр. "Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", - делінген еді ведомство хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети