12 наурыз 2018 | 16:58

Прокурор Мұратхан Тоқмәдиді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурор Мұратхан Тоқмәдиді 11 жыл және 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ, ол бизнесменнің жасаған қылмыстарын жинақтап, оны 12 жылға қамауға алуды сұрады. Мұнымен қоса, мемлекеттік айыптаушы Тоқмәдидің жүргізілген сараптамалардың шығыны ретінде мемлекеттік бюджетке 356 000 теңге төлеуін сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы қорытынды айыптауларды бір сағат уақыттан аса оқыды. Сарапшылар мен тергеу сараптамаларының қорытындылары қайта айтылды.

Тергеу қарудың өздігінен атылып кете алмайды және осыған дейін жүргізілген сараптамалар механикалық кедергілердің салдарынан дұрыс болмай шықты деген қорытындыға келді. Бұл қорытындыларды шетелдік сарапшылар да растады.

Ал Мұратхан Тоқмәдидің адвокаты сотталушыға 10 жылдан аса уақыт мерзім бермеуін сұрады.

"Осы қылмысты өзінің және жақындарының өмірі үшін қорыққандықтан жасады. Бұл жазаны жеңілдетеді. Сондай-ақ, ол кінәні өзі мойындады. Қылмысты ашуға көмектесті. Тоқмәди процессуалдық келісімдегі шарттардың барлығын орындады. Сондай-ақ, сотталушының 5 баласы бар екенін ескеруді сұраймын. (...), - деді Тоқмәдидің адвокаты.

"Мойындаймын, өкінемін. Барлық жағдайды ескеруді сұраймын. (...) Тағылған айыптармен келісемен. Кәмелетке толмаған балаларымның бар екенін ескеруді сұраймын. Процессуалдық келісімдегі шарттардың барлығын орындадым", - деді Тоқмәди сотта.

Еске сала кетейік, 8 наурызда әлеуметтік желілерде Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені жайлы мәлімет таралған еді. "08.03.2018 жылы кешкі 19.30 бен 20.00 арасында Тараздағы облыстық ауруханадан Мұратхан Тоқмәди белгісіз бағытта қашып кеткен, ол адам өлтірді деген айыппен қамауда болған. Ол тізеге дейін түсетін қара күрте мен джинс киген, аяғында не туфли, не кроссовка болған", - делінген еді хабарламада. Бірақ бизнесмен кейінірек ұсталып, ҰҚК оның ұсталуына қатысты пікір білдірген еді.

Сондай-ақ, осыған дейінгі сот отырысында бизнесмен өз кінәсін мойындаған еді.

Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети