Прокурорлар Павлодарда анасынан соққы көрген үш жасар қыздың отбасына барып қайтты

26 Қазан 2016, 21:08
0
Прокурорлар Павлодарда анасынан соққы көрген үш жасар қыздың отбасына барып қайтты -

Прокурорлар Павлодарда анасынан соққы көрген үш жасар қыздың отбасына барып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Желіде жарияланған үш видеоның барлығы бір күнде түсірілген. "Бұған дәлел ретінде үш видеода да қыз бір киімде түскен. Видео бір күнде түсіріліп, үш бөлікке бөлінген. Бұл видеоны көріп, біз бейжай қарап отыра алмадық. Осыған байланысты мемлекеттік органдағылармен және ювеналды полициядағылармен жұмыс атқарып жатырмыз. Солармен бірігіп осы оқиға болған отбасының үйіне барып қайттық. Онда қорғаншы және қамқоршы орган өкілдеріне тапсырма беріліп, соған сәйкес қыздың анасына қатысты процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деді прокуратура өкілдері.

Анасынан соққы көрген қыздың әкесінің туыстары бұл видеоға себеп болған ер адамның отбасынан кеткені дейді. "Ең соңғы шешім ажырасу болды. Сол үшін әйел бар ашуын қызынан алған. Сондықтан біз балабақша тәрбиешілерінен қыздың Айлинның қайда барып жүргенін қарап жүрсін деген едік. Осы видео түсірілместен бұрын қыздың әжесі балабақшаға барып, тәрбиешілермен сөйлесіп, қыздың анасы жайлы сұраған болатын. Қандай да бір шағымдар болды деп айта алмаймын, бірақ күдік болды",- деді қыздың әкесінің ағасы.

Осыған дейін үш жасар қыздың Павлодардағы балалар үйіне берілгені хабарланған еді. Аймақтық білім басқармасының мәліметінше, Айлин Қасымова қаладағы балалар үйіне орналастырылған, ал 8 жастағы әпкесі Айғаным әжесі мен атасының қолына берілген.

Білім басқармасындағылардың айтуынша, қыздың әкесі видеодан әйелін таныған. 25 қазанда ер адам Павлодардағы ІІБ орталық полиция бөліміне арыз жазған. Арызында ол бұрынғы әйелі Нұргүл Докуоваға қатысты шара қолдануды сұраған. Ер адам бұрынғы әйелінің балаларды ұрып-соғу жағдайы көп болатынын айтқан.

Өз баласын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты іс қозғалғаны белгілі. Бүлдіршінді анасының аяусыз ұрып-соғуы туралы видео Instagram әлеуметтік желісінде жария болған еді. Кадрлардан әйелдің бүлдіршінді видеоға түсіре отырып, бетінен, басынан ұрғанын көруге болады. Кейін тамағынан қысып, жылап жатқан баланың үнін өшіргісі келеді. Әйел мұнысымен де тоқтамай, бүлдіршінді ұрғылай береді. Кадр сыртында "Ана, тоқтат!" деген тағы бір қыздың даусы естіледі. Қыз шешесін тоқтатпақ боалды, бірақ анасы оның сөзіне құлақ аспайды.  

Кейін Павлодарда қызды ұрып-соққан видеоны таратушы оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай