15 қараша 2016 17:41

Елдің ашуын туғызған видео: Өз қызын ұрып-соққан павлодарлықтың соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда өз қызын видеоға түсіре отырып, ұрып-соққан әйелдің соты басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот қыздың анасы Нұргүл Докуованы ата-ана құқығынан айыру туралы мәселені қарап жатыр.


Павлодарда өз қызын видеоға түсіре отырып, ұрып-соққан әйелдің соты басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот қыздың анасы Нұргүл Докуованы ата-ана құқығынан айыру туралы мәселені қарап жатыр.

Процесс ювенал сотында ашық тәртіпте өтіп жатыр. Алайда мұның алдында баланың әкесінің өкілі Гүлбақыт Бижанова сотты жабық тәртіпте өткізуді сұраған. Бүгін алдын ала сот тыңдауы өтті, мұнда шағымданушылар өз арыз-талабын айтты. Қыздың анасы Нұргүл Докуова процесс бойында жылаумен болды.

Әкесінің өкілі іске қызға қатысты сараптамалардың қорытындысын біріктіруді сұрады. Алайда сот бұл мәселені ашық қалдырып отыр. Сондай-ақ, Бижанова сотта қыздың әжесі мен атасынан және ағасынан жауап алуды сұрады. Әкесінің өкілінің айтуынша, олар анасының қызға қатыгездік жасағанын растап бере алады. 

Бірақ сот қыздың әкесінің ата-анасын, қыздың ағасын келесі сот отырысында тыңдауды ұйғарды. Әкесінің адвокаты қызға және анасына сот-психологиялық сараптама жүргізуді сұрап, өтініш берді. Ал әкесі қызды өз қолына алғысы келетінін айтты. Адвокатының айтуынша, үш апта ішінде үш жасар Айлин анасын бірде-бір рет іздемеген. Қамқоршылық органдары қатыгез анасын ата-ана құқығынан айыруды талап етіп отыр. 

Әйелдің өзі болса балаларды әкесінің ұрып-соққанын мәлімдеді. Айтуынша, ер адам үлкен қызын да ұрып-соққан.

Басты сот отырысы 28 қарашаға белгіленді.

Өз баласын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты іс қозғалғаны белгілі. Бүлдіршінді анасының аяусыз ұрып-соғуы туралы видео Instagram әлеуметтік желісінде жария болған еді. Кадрлардан әйелдің бүлдіршінді видеоға түсіре отырып, бетінен, басынан ұрғанын көруге болады. Кейін тамағынан қысып, жылап жатқан баланың үнін өшіргісі келеді. Әйел мұнысымен де тоқтамай, бүлдіршінді ұрғылай береді. Кадр сыртында "Ана, тоқтат!" деген тағы бір қыздың даусы естіледі. Қыз шешесін тоқтатпақ боалды, бірақ анасы оның сөзіне құлақ аспайды.  

Кейін Павлодарда қызды ұрып-соққан видеоны таратушы оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети