16 желтоқсан 2015 17:31

Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастың нығаюына сенім білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремльге сілтеме жасап.


Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремльге сілтеме жасап.

Ресей басшысы Қазақстанның демократиялық ел ретінде дамуын, республиканың халықаралық аренадағы беделін, сонымен қатар, елдің халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешудегі ролін бағалады. РФ президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас пен Еуразиялық экономикалық одақтағы түрлі саладағы ынтымақтастықты атап өтті. "Владимир Путин қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынастың нығаюына сенім білдірді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, құттықтау жеделхатын Беларусь президенті Александр Лукашенко да жолдады. "Қазақстан мемлекеттікті нығайтуда, қоғамдық келісімдерді қаматамасыз етуде, нәтижелі экономиканы орнатуда жеткен жетістіктері үшін мақтануға құқылы", - деп жазды ол. Лукашенко екі ел арасындағы стратегиялық қатынастың нығаюына сенім білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети