Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға атом электр станциясын салу мәселесінде қолдауын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға атом электр станциясын салу мәселесінде қолдауын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз көршілеріміздің, достарымыздың, одақтастарымыздың, соның ішінде Қазақстанның атом энергетикасын дамыту жөніндегі жоспарларына мұқият қараймыз. Мен Қазақстан Президенті айтқан тезистерге тіпті ұсыныс жасауға тырысатынымды айттым. Ресей серіктестерге, соның ішінде қазақстандық серіктестерге мұндай шешім қабылданған жағдайда атом электр станцияларын салуға және пайдалануға қолдауын ұсынады", - деді Путин Көкшетаудағы екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында.
Ресей президентінің айтуынша, әңгіме Қазақстанда ресейлік дизайндағы АЭС салу туралы және тек ол емес.
"Бұл - ресейлік университеттерде атом энергетикасын қолданумен байланысты жаңа кадрлар даярлауды қамтитын бүкіл саланы құру туралы. АЭС-тің ауаның ластануына әсері шамалы. Ресейлік мамандар технологияны жетілдіре отырып, тиімді газ тазарту қондырғыларын енгізіп, атмосфераға жүктемені біртіндеп төмендетуге қолжеткізіп жатыр", - деді Путин
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей президенттері онлайн-форматта Көкшетауда өтетін екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысатыны хабарланған болатын. Қазақстан мен Ресей президенті қатысатын форум тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!