18 маусым 2020 22:12

Путин Назарбаевқа жеделхат жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көрші ел басшысының сайтына сілтеме жасап.


Ресей президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көрші ел басшысының сайтына сілтеме жасап.

Владимир Путин жеделхатында коронавирус жұқтырған Елбасын қолдап, оған денсаулық тілеген.

"Шын көңілмен, достық ниетпен Сізді осы қиын сәтте қолдаймын. Ерекше өмірлік энергияңыз, жан сергектігіңіз және оптимизміңіз Сізге вирусты аз уақытта жеңеді деп сенемін. Шын көңілден құлан-таза айығуыңызды және мықты денсаулық тілеймін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін, 18 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны хабарланған

18 маусымдағы таңғы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 15877-ге жетті, 6831 адам симптомсыз науқастар болса, 100 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети