1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Путин Сапарбаев пен Мұхамеджановты Достық орденімен марапаттады 08 мамыр 2015, 17:37

Қазақстандықтарды орденмен марапаттау туралы жарлыққа РФ президенті қол қойды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Достық ордені. © dublicat.ru Достық ордені. © dublicat.ru

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен "Мәдениетке бейбітшілік арқылы" халықаралық ассоциациясының президенті Төлеген Мұхамеджановты Достық орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарлықта қазақстандықтарға бұл орденнің басқа марапатталғандармен бірге Қазақстанның Ресей Федерациясымен достық пен ынтымақтастықты, сауданың дамуына, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін табыс етілгені жазылған.

Айта кетейік, биыл ақпанда Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен "Самұрық-Қазына" басшысы Өмірзақ Шүкеевті Халықтар достығының орденімен марапаттаған болатын.



Join Telegram