Путин Сочидегі саммит кезінде Назарбаевпен жеке шығып сөйлесті

12 Қазан 2017, 09:20
0
Путин Сочидегі саммит кезінде Назарбаевпен жеке шығып сөйлесті -

Ресей президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке шығып сөйлесті. Бұл сәттің видеожазбасы әлеуметтік желілерде таралды. 

Видеода екі елдің басшыларының не жайлы сөйлескені естілмейді. "Бұдан қорқу керек пе, керісінше қуану керек пе, білмеймін", - деп жазды видеоны желіге салған қолданушы Михаил Вознюк. 

Еске салайық, осы күндері Сочите ТМД елдерінің басшыларының кездесуі өтіп жатыр. Оның аясында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ отырысы өткен. 

Ақорданың мәліметінше, кеңеске Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Молдова Республикасының Президенті И.Додон, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі С.Исақов және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисян да қатысты.

Отырыста мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың және экономикалық одақты одан әрі дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылап, Еуразиялық экономикалық комиссияның есебін тыңдады.

Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі оған мүше елдердің экономикасына оң әсер етіп отырғаны және интеграциялық үдерістерді күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев жиында қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарының маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті 2018 жылы одаққа мүше елдердің экономикасын цифрландыру жөнінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің арнайы кездесуін өткізуді ұсынды.

Соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ынтымақтастықты бұдан да жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай