“Пышақтың күшпен толық кіргенін көрсетеді“: сарапшы Халимназаров Шерзаттың өлімі туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Шерзат Болаттың (Полат) өлімі ісі бойынша сотта тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Прокурор Дана Сәрсембайдың сұрақтарына жауап бере отырып, Халимназаров Шерзатқа пышақ қатты күшпен салынғанын растады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шерзат Болаттың (Полат) өлімі ісі бойынша сотта тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Прокурор Дана Сәрсембайдың сұрақтарына жауап бере отырып, Халимназаров Шерзатқа пышақ қатты күшпен салынғанын растады.

Сот барысында прокурор Дана Сәрсембай сот-медициналық сарапшыға ұзындығы 9,6 сантиметрлік пышақ 12 сантиметр терең жарақат салуы мүмкін бе деген сұрақ қойды. Бұған дейін Шерзаттың жарасының тереңдігі туралы мәйітке сараптама жасаған сот сарапшысы айтқан болатын.

"Егерде пышақтың ұзындығы жараның тереңдігінен азырақ болса, пышақтың сабына дейін толық кіріп кеткен. Егер, мысалы, пышақтың ұзындығы 9-10 сантиметр болса, ал жараның тереңдігі 12 сантиметр болса ол пышақтың толық күшпен кіргенін көрсетеді", – деп түсіндірді Тахир Халимназаров.

Осылайша, тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Шерзатқа жасалған пышақ соққысы күшпен болғанын растады.

Айта кетейік, тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Шерзат ісі бойынша сотта жауап берді. Ол жәбірленуші тараптың өтініші бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде тартылған.

Өз қорытындысында Тахир Халимназаров Шерзаттың кеуде қуысына түскен жарақат салдарынан қаза тапқанын растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer