Қарағанды облысындағы су алған ауылдар спутниктен түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы су алған ауылдар спутниктен түсірілді Көктас ауылы. Түсірілген уақыты 13.04.2015 ж. KazEOSat-1спутнигі

Жерді қашықтықтын зондтайтын қазақстандық KazEOSat-1 спутнигінің мәліметтері Қарағанды облысындағы су тасқынын көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына сілтеме жасап.

Киевка ауылы, Нұрын ауданы. Түсірілген уақыты 13.04.15 ж. KazEOSat-1спутнигі

Киевка ауылы, Нұрын ауданы. Түсірілген уақыты 13.04.15 ж. KazEOSat-1спутнигі

Көктас ауылы, түсірілген уақыты 13.04.15 ж. KazEOSat-1 спутнигі

Көктас ауылы, түсірілген уақыты 13.04.15 ж. KazEOSat-1 спутнигі

Осакаровка. Түсірілім уақыты 13.04.15 ж. KazEOSat-1 спутнигі

Көктенкөл ауылы, Шет ауданы. Түсірілген уақыты 13.04.15 ж. KazEOSat-1 спутнигі

Восток ауылы, Қарқаралы ауданы. Түсірілім уақыты 13.04.15 ж. KazEOSat-1 спутнигі

Көктенкөл ауылы, Шет ауданы. Түсірілген уақыты 13.04.15 ж. KazEOSat-1 спутнигі

Еске салайық, Қарағанды облысындағы 33 елді мекенді су басқаны хабарланды. Кейін су астында қалған ауылдардың саны 35-ке жетті. Сонымен қатар, құтқарушылар Қарағанды облысындағы тасқын салдарынан болған шығын туралы хабарлады. Мысалы, Шерубай-Нұра өзенінің арнасынан көтерілуінен Шет ауданы Ақсу ауылының барлық тұрғыны (150 адам) эвакуацияланған. Сонымен қатар, Бұқар жырау ауданы Жастілек ауылындағы су басқан 24 үйдің тұрғындары да түгел көшірілді. Су басқан Сәкен Сейфуллин ауылындағы барлық тұрғындар мен малдар да түгел көшірілген. Абай ауданында да 20 үй су астында қалып, 100 адам, оның ішінде 22 оқушы мектеп ғимаратына көшірілді. Құтқарушылар дамбаларды құммен бітеп жатыр.

Сонымен қатар, Сарытөбе ауылын да су басу қаупі бар. Ауылдағы 350 тұрғын көрші Көкпекті елді мекеніндегі мектеп ғимаратына локомативпен көшіріліп жатыр. Қарқаралы ауданындағы Ынталы ауылында еріген қар суынан 148 үй мен 150 сарай су астында қалған. 718 адам эвакуацияланды. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысынан шұғыл-құтқару отрядтары көмекке келген. Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында су тасқыны салдарынан 4 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланған болатын.

Өңірде, Қазгидромет РМК мәліметінше, өзендердің тасуы әлі де күтіліп отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети