Қарағанды облысының әкімі төбелеске қатысқан кінәлілердің жазалатынына сөз берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының әкімі төбелеске қатысқан кінәлілердің жазалатынына сөз берді видеодан үзінді

2019 жылы 6 қаңтарда 10:00-де Қарағандыда билік өкілдері 1 қаңтарда "Древний Рим" мейрамханасында жаппай төбелес кезінде қайтыс болған жігіттің туыстарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы 6 қаңтарда 10:00-де Қарағандыда билік өкілдері 1 қаңтарда "Древний Рим" мейрамханасында жаппай төбелес кезінде қайтыс болған жігіттің туыстарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында тергеу шараларының қалай жүріп жатқаны түсіндірілді. Осы уақытта полиция департаменті ғимаратының алдында 200-230 адам жиналды. 

Жиналғандардың алдына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов шығып, тергеу шараларының қалай жүріп жатқаны және қалай өрбитіні туралы түсініктеме берді. 

Әкім осы істі Бас прокуратура өз бақылауына алғанын және барлық кінәлілер жазаға тартылатынын мәлімдеді. 

Билік өкілдері тергеу шараларының ашық әрі объективті болатынын айтты. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіруі және "Бұзақылық" баптары бойынша іс қозғалды. Жедел тергеу тобы құрылып, өз жұмысын бастап кетті. 

Бүгінде осы қылмысқа қатысы бар 8 мүшесі анықталды, оның жетеуі қамауға алынды, біреуіне халықаралық іздеу жарияланды.

Айта кетейік, жанжал мейрамханада отырған екі топ арасында болған. Ешқандай ұлтараздық мәселе жоқ. 

Кездесу барысында ешқандай заң бұзылған жоқ. Қазіргі уақытта қаладағы және облыстағы жағдай бірқалыпты, қоғамдық тәртіпсіздіктер болған жоқ. 

Қарағандыда төбелес: Дәрігерлер ауруханада жатқан жігіттің жағдайы туралы айтты

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети