Қарағандыда сыныптастарына күн көрсетпейтін бала диспансерге жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда сыныптастарына күн көрсетпейтін бала диспансерге жатқызылды © kremlinrus.ru

Қарағанды қалалық білім бөлімінің өкілдері мектептегі байкотқа қатысты пікір білдірді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, сыныптастарына күн көрсетпейтін оқушының жалпы білім беру мектептеріне баруға құқығы бар, алайда ата-аналардың бірігіп түсірген шағымынан кейін баланың жағдайын тексеру үшін балалар психоневрологиялық диспансерге жатқызу туралы шешім қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқиға төртінші сыныпта болды. Бұл баланың тәртібінде кейбір ауытқулар бар. Диагнозын айта алмаймыз. Ол шифрланған. Өткен жылы үйінде оқыды. Алайда осы жазда психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ол сабаққа бара алатын қорытынды жасап берді. Шешесі мектеп әкімшілігіне осы қорытындымен келген. Біз оған қарсы бола алмадық. 18 қыркүйекке дейін бала ауырды, мектепке келмеді. 19 қыркүйекте келді, ал 20-сы басқа балалардың ата-аналары мектеп директорының атына шағым жазып, балаларды бұл оқушыдан бөлек оқытуды талап етті. Бұдан кейін баланың шешесімен әңгімелестік, ол баласын психоневрологиялық диспансерге жатқызуға келісім берді", - деп хабарлады Қарағандының білім бөліміндегілер.

Шешесі бұл баланы жалғыз тәрбиелейтіні белгілі. Ол жұмыс істейтіндіктен, педагогтар баланы үйіне дейін апарып тастайтын болған. Сыныпта сабақ өтіп жатқан кезде сыныпта әрдайым психолог қатысып отырған, ол оқушының тәртібін бақылаған.

"Екі күн ішінде бала ешқандай агрессия көрсетпеді. Ол бұрын сондай бала болған. Бірақ ата-аналар айтқанынан қайтпайды", - деді қалалық білім бөліміндегілер.

Қарағандыдағы №50 мектепте төтенше жағдай, 4 "Б" сыныбында бір баладан басқасының барлығы сабаққа келмей қойғаны және ата-аналары мектеп әкімшілігіне келесі дүйсенбіге дейін байкот жариялағаны хабарланған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети