21 қыркүйек 2017 08:57

Қарағандыда бір сыныптың оқушылары сабаққа бармай қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kargoo.gov.kz © kargoo.gov.kz

Қарағандыдағы №50 мектепте төтенше жағдай, 4 "Б" сыныбында бір баладан басқасының барлығы сабаққа келмей қойған. Оқушылардың ата-аналары мектеп әкімшілігіне келесі дүйсенбіге дейін байкот жариялаған, - деп хабарлайды "Новый Вестник".


Қарағандыдағы №50 мектепте төтенше жағдай, 4 "Б" сыныбында бір баладан басқасының барлығы сабаққа келмей қойған. Оқушылардың ата-аналары мектеп әкімшілігіне келесі дүйсенбіге дейін байкот жариялаған, - деп хабарлайды "Новый Вестник".

Бұл наразылыққа, басылымның мәліметінше, жалғыз баланың өз сыныптастарын екі жылдан бері ұрып-соғып келгені себеп болған. Аты-жөні аталмай отырған бала сабақтарға кедергі жасап, сыныптастарын ұрып, мұғалімдердің және директордың намысына тисе де жазасыз қалады екен.

Оның үстіне сынып жетекшісіне қол көтеру дерегі болыпты. Бұл дерек полиция органдарында тіркелген. "Бала ірі, оған балалар да, ересектер де ешқандай шара қолдана алмай отыр. Мектеп те, полиция да, қалалық білім бөлімі де, қамқоршылық органдары да шарасыз отыр. Бәрі балаға заң бойынша шара қолдана алмайтынын айтады", - делінген мақалада.

Оқушы бала шешесімен бірге тұрады екен, ал әкесі жоқ. Көршілері шешесінің баланы жиі ұрып-соғатынын айтып отыр. Төртінші сынып оқушыларының ата-аналары бала мектепке келіп, шешесінің кегін балалардан алады деп есептейді. 

Ересектердің айтуынша, бала өз-өзіне есеп бермейді, алайда құжат бойынша ол сау. Тіпті мектеп психологы да бұл баланың өзгелерден бөлек оқуы керектігін айтып отыр.

Таяуда мектеп жиналысында ата-аналар бұзық келетін болса, балаларын мектепке жібермейтінін мәлімдеген. 

Басылым тілшілері мектеп директорына хабарласқан, алайда ол тілшілермен сөйлесуден бас тартқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети