Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында тағы да жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында тағы да жер сілкінді Сурет Tengrinews.kz архивынан

Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында тағы да жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ ТЖ комитетінің сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында тағы да жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ ТЖ комитетінің сайтына сілтеме жасап. 

Сейсмикалық орталықтар жер сілкінісін 9 қараша күні сағат 06.39-да тіркеген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 501 шақырым қашықтықтағы Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Сілкінудің энергетикалық белсенділігі - 10. MPV магнитудасы - 4.4. Тереңдігі - 5 шақырым. Жер сілкінісі эпицентрінің координаты солтүстік  ендік бойынша 43.90 градус, шығыс бойлығы бойынша 83.02 градус. 

Еске салайық, 8 қараша күні Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелген еді. "Геофизикалық зерттеулер институты РМК-ның мәліметтер орталығы жедел жеткізген ақпаратына сәйкес 2014 жылы 8 қарашада таңғы 8 сағат 10 минут уақытында жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің өзегі Алматының оңтүстік-шығысынан 275 шақырым қашықтықтағы Қазақстан мен Қытай шекарасының маңында орналасқан. Сілкінудің энергетикалық белсенділігі - 10.1 MPV, магнитудасы - 4.7, тереңдігі - 5 шақырым", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 27 қазанда Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 586 шақырым жерде магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелгені хабарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети