Қазақстан Президенті міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға қол қойды © caravan.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін өзгерту туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін өзгерту туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін өзгертуге бағытталған "Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды", - делінген Ақорданың сайтында.  

Заңға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне төлем жасай бастайды, ал жүйенің іске қосылуы жарты жылға шегерілген. Азаматтарға сақтандыру арқылы медициналық көмек көрсету 2018 жылдан басталады. 

Заң мәтіні басылымда.

Мұның алдында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Елена Бахмутова басқаратыны хабарланған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети