Қазақстан ұлттық география қоғамы 2014 жылдың есебін берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ұлттық география қоғамы 2014 жылдың есебін берді @Tengrinews.kz иллюстрациясы

Астанада Қазақстан ұлттық география қоғамы 2014 жылдың есебін беріп екінші съезін өткізді. Бұл туралы Primeminister.kz ресми сайтында хабарланды.
Съезд барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының қол жеткізген табыстарын атап айтты.
"Өткен жылы біз бұл жолда жұмыс істеуді бірлесіп бастадық. Ал қазір мен Қазақстанның ұлттық география  қоғамы өз жұмысын табысты атқара алғанын сенімділікпен айтамын" деді ол.
Үкімет басшысы Қазақстан ұлттық география  қоғамының жетістіктерінің бірі ретінде қоғамның халықаралық географиялық одаққа мүше екенін айтты. Сондай-ақ ол бұл қоғамның америкалық географтар қауымдастығымен, орыстардың географиялық қоғамымен және бүкіл әлемдік табиғат қорымен (WWF) тығыз байланыста екенін қоса айтты.

"Географиялық қоғам Қазақстанның экологиялық және табиғат құндылықтарын сақтауда маңызды жобаларды жасауға мүмкіндік алып отыр" деді Кәрім Мәсімов. Үкімет басшысы Қазақстан ұлттық география қоғамының жұмысының маңыздылығын атап өтіп, бұл қоғамның міндетіне ел аумағындағы жойылып бара жатқан аң-құстарды қорғау да енетінін құлаққағыс жасады.
"Ел аумағында құрып кеткен Тұран жолбарысының және Пржевальск аттарының тұқымының қайта өрбуіне мүмкіндік бере алсақ бұл оңды болар еді. Мұндай биологиялық тұқым баланстарының сақталуы елдің дамуы үшін де маңызды" деді ол.

Еске салайық, Қазақстан ұлттық география қоғамы жуырда Ұлытаудағы зерттеу жұмыстарына қатысты жоспарын жария еткен болатын. Бұл кешенді зерттеу жұмысын географиялық қоғам мүшелері 2014 жылдың тамызында жүргізді. Қорытындысында Ұлытаудың арнайы картасы жасалып, зерттеушілер тарапынан "Ұлытау аймағы туристік нысанға айналуы тиіс. Географиялық тұрғыдан алғанда Ұлытау тарихи-мәдени жағынан көптеген ескерткіштер мен кесенелер салынған қастерлі өңір" деген пікірлер айтылды.

Сондай-ақ аталмыш  қоғам Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған "Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойымен" атты ғылыми-танымдық экспедиция өткізді. Экспедиция мүшелері 115 жыл бұрын Уәлихановтың еңбектерінде айтылатын Қытай Халық Республикасынан Торғот өткелі арқылы Қырғызстанға дейін жүріп өтті.
 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети