Қазақстан халқының саны 18 миллионға таяды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқының саны 18 миллионға таяды © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті 2017 жылғы қаңтар-сәуірдегі Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы туралы мәліметтер келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті 2017 жылғы қаңтар-сәуірдегі Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы туралы мәліметтер келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Статистика бойынша, 2017 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны - 17 994,2 мың адам, соның ішінде қалалықтар - 10 345,1 мың (57,5%), ауылдықтар - 7 649,1 мың адам (42,5%). 2016 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 241,1 мың адамға немесе 1,4% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде туғандар саны - 121,5 мың адам, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 7,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға туылғандардың үлесі 20,49.

2017жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 9,0 мың адамға немесе 10,4% кеміп, - 77,2 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,01 адам.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны - 44,3 мың адам, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,5% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға - 7,48 адам.

2017 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейінгі1054 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 24,5% азайды.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-сәуірде506 нәресте қайтыс болып, нәрестелерарасындағы жалпы өлім санының 48,0% құрады. Туа біткен ауытқулардан 256 немесе 24,3%, тыныс органдары ауруларынан - 78 немесе 7,4% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 62 немесе 5,9% нәресте қайтыс болды.  2017 жылғы қаңтар-сәуірде нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,68.

Көші-қон қызметіоргандары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-сәуіпмен салыстырғанда 42,2% көбейіп, 5 888 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 0,8% көбейіп, 7727 адамды құрады, көші-қонның айырымы -1 839 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүзеге асып жатыр.

· ТМД елдерінен келгендердің үлесі 68,3%;

· ТМД елдерге кеткендердің үлесі 86,9% құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 33,8% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

· Астана қаласы - 18052 адам;

· Алматы қаласы - 7 800 адам;

· Ақмола облысы - 1 361 адам;

· Алматы облысы - 814 адам;

· Атырау облысы - 21 адам.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети