Қазақстанда дизель отынының бағасы реттелмейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дизель отынының бағасы реттелмейтін болды

Қазақстанда дизель отынының бағасын реттелмейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай бұйрық ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында 4 тамызда жария болды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дизель отынының бағасын реттелмейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай бұйрық ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында 4 тамызда жария болды. 

Бұйрық бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күн өткенде күшіне енеді, яғни 7 тамыздан бастап Қазақстанда дизель отынының бағасы өзгереді. 

Айта кетейік, мемлекеттік баға реттеуі бекітілетін мұнай өнімдерінің тізімі АИ-80 маркалы бензиніне ғана таралады. 

Осыған дейін мемлекеттік реттеуді алып тастаған жағдайда дизель отынының бағасы шамамен қанша болатыны айтылған еді. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, ведомстводағылар дизель отынының бағасын реттеу туралы бастаманы өз қолына алып отыр. Сонымен қатар, ол бүгінде Қазақстанда 200 мың тоннаға жуық дизель отыны бар екенін айтып өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп екен. Айта кетейік, бұл бастаманы Қазақстан жанармай ассоциациясының өкілдері де қолдады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети