Қазақстандық мамандар Гонконгте өткен халықаралық туристік көрмеге қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мамандар Гонконгте өткен халықаралық туристік көрмеге қатысты © ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің баспасөз қызметі

Қазақстан өкілдері Қытайда өтіп жатқан халықаралық Hong Kong International Travel Expo туристік көрмесіне қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Оңтүстік-Шығыс Азия туристік қызмет нарығындағы әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі. Гонконг тұрғындарының да Ұлы Жібек жолы елдерінің бірі ретінде Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді. Бұған визасыз режим мен Гонконг - Алматы тікелей әуе рейсі себеп. Бұл көрмеде Қазақстанды ҚР ИДМ туризм индустриясы департаментінің облыстық өкілдері таныстырып жатыр", - делінген хабарламада.

Көрмеде 50-ден астам елдің қойылымдары көрсетілді. Жыл сайын көрмеге 75 мыңға жуық турист, шамамен 12 мың маман, шетелдік ақпарат құралдары өкілдері мен инвесторлар қатысады. Бұл көрмеге қатысу Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия нарығында еліміздің туристік өнімдерін дамытуға мүмкіндік береді.

Көрме барысында әр елден келген туристік компаниялардың басшылары кездесу өткізіп, туризмді дамыту үшін тәжірибе алмасты.

Биыл Қазақстан павильоны екі номинация - Иновациялық стенд пен Ұлттық киімдердің топтамасын көрсету бойынша марапатталды. Жергілікті ақпарат құралдары Қазақстанның көрікті жерлері туралы репортаж жасады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +20
Ақтау +30
Ақтөбе +29
Атырау +32
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +21
П
Павлодар +25
Петропавл +30
С
Семей +30
Т
Талдықорған +32
Тараз +33
Түркістан +32
О
Орал +31
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер