"Қазгидромет" мамандары ескерту жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" мамандары ескерту жариялады

Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін және жақын арадағы екі тәулікте 30-31 қаңтарда температура фонының төмендеуіне және мұз түзілімінің күшеюіне байланысты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында және Сырдария өзенінде мұз кептелуінің қалыптасуы, су мөлшерінің жоғарылауы, судың тасуы мен су деңгейінің көтерілуі мүмкін", - деп хабарлады синоптиктер.

Осыған дейін синоптиктер елімізде қатты аяз болатынын айтқан еді. "Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдерінде желдің екпіні секундына 18-23 метр болып, түнде кей жерлерінде тұман түседі", - деп ескерткен еді мамандар.

Аяз түскенде не істеу керек? Мамандар кеңесі

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети