ҚКХП атынан кандидат сайлауалды науқанның жаңа кезеңіне аяқ басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚКХП атынан кандидат сайлауалды науқанның жаңа кезеңіне аяқ басты Тұрғын Сыздықов. ©Тengrinews.kz

Қазақстанның коммунистік халық партиясының атынан кандидат сайлауалды науқанның жаңа кезеңіне қадам басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның коммунистік халық партиясының атынан кандидат сайлауалды науқанның жаңа кезеңіне қадам басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін кешкі отырыс барысында президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықовтың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылданды. Соған байланысты оған өзінің кандидатурасын қолдаған қолдарды жинауы үшін қол қою парақтары берілді. Еске салайық, кандидаттар 93 мыңнан астам қол жинауы тиіс. 

Сыздықов - өзінің кандидат бола алатынын дәлелдеген екінші адам. Оның алдында қол қою парақтары Лимана Қойшиеваға берілген еді. 

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы бүгін Ержан Серғазинді президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Ержан Серғазин мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмаған еді.  

Сайлауға түсуге ниет білдіргендердің қатары - әзірше 15 адам. Олардың екеуі ғана мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырды. Лингвистика комиссиясынан алты адам теріс баға алды. Емтихан тағы төрт ниет білдірушіні күтіп тұр. Ниет білдіргендердің екеуі жас шамасы сәйкес келмегендіктен тіркеуге алынбады. Тағы бір адам - Қайрат Майішев емтихан тапсыруға келмей қалды. 

Айта кету керек, бүгін Орталық сайлау комиссиясы үміткерлерге қол жинау парақтарын беру мен олардың растығын тексеру уақытын қысқартуға шешім қабылдады. Енді қол қою парақтары кандидаттардың талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен екі күнтізбелік күн ішінде берілетін болды. Бұрын бұл рәсімге бес күн кететін. Сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының кандидатты қолдайтын қолдардың растығын тексеру мерзімі 10-нан 5 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды. Сайлау комиссияларының аталған сайлау рәсімдерін жүзеге асыру мерзімдерін қысқарту туралы шешімді Ортсайлауком "тек кандидаттардың мүдделеріне сай қабылдады және бұл олар үшін ортақ уақыт ресурстарын ұлғайтады".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети