ҚР БҒМ арандатудың алдын алу үшін құқық қорғау органдарына хабар береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ арандатудың алдын алу үшін құқық қорғау органдарына хабар береді

ҚР Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан жалған мәлімет туралы ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан жалған мәлімет туралы ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомствоның мәліметінше, "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиеті", "Қазақ тарихы", "Лингвистика" және "Шығыстану" мамандықтарының Классификатордан шығарылғаны бойынша мәліметтер шындыққа жанаспайды. 

Министрлік өкілдері мән-жайды анықтау үшін органдарға хабар береді. "ҚР БҒМ бекітілген тәртіпте сәйкес органдарға осы тектес арандатудың алдын алу бойынша шара қабылдау үшін хабар береді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске салайық, осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тарап жүрген қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасаған еді. 

"Құрметті ұстаздар, ата-аналар жəне оқушылар! Соңғы кезде сіздер Интернет желісінде ҚР БҒМ-нің мамандықтар классификаторындағы "Қазақ тілі", "Қазақ əдебиеті", "Қазақ тарихы", "Лингвистика", "Шығыстану" сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, немесе ҚР БҒМ "Серпін" жобасының жұмысын тоқтатып, министр Сағадиев еліміздің ЖОО-да ежелгі қазақ тарихы кафедраларын жауып, осы пəннің жүргізілуін доғарғаны туралы ақпаратты кездестіруіңіз мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ мұндай хабарлардың шындығында неғұрлым көп қазақстандықтарды қисық жолға бағыттап, жалғанға сендіруді көздеген қитұрқы əрекеттер екендігін білген абзал", - деп мәлімдеген еді министрлік өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети