ҚР экологиялық заңнамасы "Байқоңырда" осы күзде күшіне енеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР экологиялық заңнамасы "Байқоңырда" осы күзде күшіне енеді Фото © tengrinews мұрағатынан алынды

"Байқоңыр" ғарыш айлағы территориясында еліміздің экологиялық заңнамалар нормасы осы күзде ғана күшіне енеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрлігіне қарасты Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның экологиялық заңнамасы Байқоңыр территориясына қашаннан бастап ықпал етеді" деген сауалға ол: "Соңғы жылдары Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен, ал қазір энергетикалық деңгейде (Министрлік - авт.) мемлекеттік органдарға "Байқоңыр" ғарыш айлағы территориясындағы кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың қызмет тәртібі жөніндегі РФ мен ҚР үкіметтері арасында келісілген келісім туралы үкімет қаулысы мақұлдауға жіберілген. Аталған келісімшартқа Қазақстан мен Ресей мемлекетінің басшылары қатысатын Атыраудағы ХІ форумда қол қойылады деп жоспарланып отыр. Осыдан кейін "Байқоңыр" ғарыш айлағы территориясында Қазақстанның экологиялық заңнамаларының нормалары өз күшіне енеді, ал қазір олар жұмыс істемейді", - деп жауап берді .

Алдында Талғат Мұсабаев "Байқоңырға" Қазақстанның экологиялық кодексін енгізуге Ресей қарсы болады деп мәлімдеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети