23 маусым 2014 18:06

Байқоңырға қатысты Ресеймен қашанғы саудаласа береміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Адамзаттың жеті қат көкке көтерілген орны, жер-жаһанға әйгілі «Байқоңыр» секілді ғарыш айлағы өз жерімізде бола тұра, қазақстандық ғарышкерді ұшыру, жеке зымыран кешенін құру және тағы басқа мәселелер бойынша Ресеймен біраздан бері келіссөздер жүргізіп келетініміз белгілі. Сөйтсек, ол келіссөздер кәдімгідей саудаға айналып кеткенге ұқсайды. Орыстар еш «шегінетін» емес. Қазақстанның бір талабына екі шарт қойып, бүгінде зымырандар құлайтын қосымша аймақты да сұрауға көшіпті. Бұл туралы «Алаш айнасы» тілшісі сабақтайды.


Адамзаттың жеті қат көкке көтерілген орны, жер-жаһанға әйгілі «Байқоңыр» секілді ғарыш айлағы өз жерімізде бола тұра, қазақстандық ғарышкерді ұшыру, жеке зымыран кешенін құру және тағы басқа мәселелер бойынша Ресеймен біраздан бері келіссөздер жүргізіп келетініміз белгілі. Сөйтсек, ол келіссөздер кәдімгідей саудаға айналып кеткенге ұқсайды. Орыстар еш «шегінетін» емес. Қазақстанның бір талабына екі шарт қойып, бүгінде зымырандар құлайтын қосымша аймақты да сұрауға көшіпті. Бұл туралы «Алаш айнасы» тілшісі сабақтайды.

Бұдан бір жыл бұрын Байқоңырда «Протон-М» зымыран тасығышының апатқа ұшырағаны көпшіліктің есінде қалған ғана емес, жұртшылықтың көңілін күпті еткен оқиға. Сол тұста гептил атты улы отынның жүздеген тоннасы жерге төгіліп, онсыз да сын тезінде тұрған Қазақстанның экологиясына әжептәуір зиян келтіргені бар. Ресей Федерациясы өтемақы төлейміз деді. Алайда әлі күнге дейін нақты әрі толыққанды жауап жоқ секілді. Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары жөніндегі министр Нұрлан Қаппаровтың сөзіне сенсек, осы мәселе төңірегіндегі келіссөздер тынбастан жүргізіліп жатыр. Ал болашақта бұндай жағдайды болдырмас үшін Байқоңыр қаласында Қазақстанның Экологиялық кодекс нормаларын енгізу қарастырылған. Осыған орай, арнайы келісімшарт та дайындалды.

Дегенмен, ресейлік тарап бұл бастамаға барынша қарсылық көрсетіп жатқаны аңғарылады. «Контрагенттердің (делегация өкілдері – авт.) тарапынан сұмдық бір қарсылыққа тап болдық. Соған қарамастан, бірнеше күн бұрын Байқоңыр ғарыш айлағының экологиясына қатысты үкіметаралық келісімді рәсімдеу жөнінде шешім қабылданды. Сонда да олар бұл мәселені барынша «тұсаулап» тастағысы келеді. Мәселен, Солтүстік Қазақстаннан зымырандар құлайтын қосымша 120-ші аймақты бермейінше, келісімшартқа қол қоймаймыз деп отыр. Біз болсақ, ол арқылы «Бәйтерек» жобасын дамытуды көздейміз. «Зенит» атты экологиялық таза зымырандар қолданылатын ол жоба да тым созылып кетті», - дейді ағынан жарылған Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев дүйсенбідегі Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Айтпақшы, Ресейге өкпелейтін тағы бір жөніміз бар, бұл – қазақстандық ғарышкерді ұшыру жайты. Сөз жоқ, бүгінде қазақстандық ғарышкерді ұшыру саласындағы келіссөздер де «сауда-саттықа» тіреліп отыр. Содан болар, бүгінде Қазғарыш бұл мәселемен ресеймен әңгімені доғарып, қытайлық мамандармен пысықтауға кірісіпті. «Қазіргі кезде біз қытайлық әріптестерімізбен жұмыс істеп, қазақстандық азаматты қытайлық техникамен ғарышқа ұшыруды қарастырып жатырмыз. Мен бұл мәселені былтыр Бейжіңде Қытайдың ғарыш әкімшілігі жетекшісімен болған кездесуде де көтерген болатынмын. Егер Ресеймен ештеңе шықпаса, онда біз өз ғарышкерімізді Қытайдан жіберетін шығармыз», - дейді Мұсабаев.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети