ҚР СІМ өкілі Мәскеу облысында үш қазақстандықтың өлі табылуына қатысты пікір айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ өкілі Мәскеу облысында үш қазақстандықтың өлі табылуына қатысты пікір айтты ҚР СІМ ғимараты © barometr.kg

ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Мәскеу облысында қазақстандық үш азаматтың өлі табылуына қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Мәскеу облысында қазақстандық үш азаматтың өлі табылуына қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бізге бұл оқиғаның болғаны мәлім. Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар жергілікті тергеу органдарымен байланыста отыр. Зерттеу жұмыстары жүріп жатыр, ақпарат әзірше таратылған жоқ. Қаза тапқандардың азаматтығына қатысты дәл қазір расталған мәлімет жоқ", - деп хабарлады Әнуар Жайнақов.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ Мәскеу түбіндегі Чехов ауданында Қазақстандық үш азаматтың фурада өлі табылғанын хабарлаған болатын.

Алдын ала мәлімет бойынша, автомобиль бұл ауданның территориясына жүк тиеу үшін Қазақстаннан барған. "2018 жылы 24 ақпанда Чехов ауданы Новоселки ауылындағы қойманың территориясында тұраққа қойылған фураның кабинасынан үш ер адамның денесі табылды, зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Кабинадан газ жанарғысы табылды, ер адамдар оны жылыну үшін пайдаланғанға ұқсайды. Ер адамдар газға уланып қайтыс болуы мүмкін, алайда өлімнің нақты себебі сараптаманың нәтижесі бойынша анықталады", - деді облыс бойынша ІІД Бас басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети