Мәскеу облысында Қазақстанның үш азаматы өлі табылды

25 Ақпан 2018, 09:10
0
Мәскеу облысында Қазақстанның үш азаматы өлі табылды - © News22.ru
© News22.ru

Мәскеу түбіндегі Чехов ауданында Қазақстандық үш азамат фурада өлі табылды, деп хабарлады НТВ облыс бойынша ІІД Бас басқармасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, автомобиль бұл ауданның территориясына жүк тиеу үшін Қазақстаннан барған. "2018 жылы 24 ақпанда Чехов ауданы Новоселки ауылындағы қойманың территориясында тұраққа қойылған фураның кабинасынан үш ер адамның денесі табылды, зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Кабинадан газ жанарғысы табылды, ер адамдар оны жылыну үшін пайдаланғанға ұқсайды. Ер адамдар газға уланып қайтыс болуы мүмкін, алайда өлімнің нақты себебі сараптаманың нәтижесі бойынша анықталады", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөзінің айтуынша, қайтыс болғандардың жасы - 35-40. Олардың біреуінің кім екені анықталды. Фурадағы мәйіттердің жанынан газ жанарғысынан бөлек спирттік ішімдіктердің бөтелкелері табылды. Мәйіттердің табылу дерегі бойынша тергеу амалдары басталды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай