ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың анасы өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың анасы өмірден өтті ©tsn.ua

Алматыда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың анасы - Заря Нұржанова 82 жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың анасы - Заря Нұржанова 82 жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заря Мәлікаждарқызы филолог болды, ол әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеді. Оның жұбайы Әбілфайыз Ыдырысов - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист, 800-ден астам еңбектің авторы. Ол "Таңшолпан" атты романды жазған. Заря Нұржанова 3 желтоқсан күні жерленеді. Онымен қоштасу сағат 09.00-да Ғалымдар үйінде өтеді. 

Еске сала кетейік, 12 қараша күні ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ержан Қазыхановтың әкесі - ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хозе Қазыханов өмірден өткен еді. Профессордың зерттеулері академик Өмірбек Жолдасбеков басқарған Қазақстан машиналар мен механизмдер теориясы мектебінің қалыптасуы мен дамуында айтарлықтай роль атқарды. Хозе Қазыханов ғылыми еңбектері үшін "Құрмет" орденімен марапатталған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети