ҚХА төрағасының орынбасарлары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚХА төрағасының орынбасарлары тағайындалды ©Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасының екі орынбасарын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасының екі орынбасарын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Оның айтуынша, Ассамблея төрағаларының орынбасарларының ротациясы дәстүрлі түрде сессияда өтіп тұрады. "Осыған байланысты Анатолий Башмаков пен Александр Смирновтың орнына төраға орынбасары етіп Любовь Ниді тағайындауды ұсынамын. Әйел адам бірінші рет төраға орынбасары болып отыр. Сонымен қатар, ҚХА төрағасының орынбасары етіп Олег Дымовты тағайындауды ұсынамын", - деп хабарлады Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, сессия кезінде Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін белгілеуді ұсынды. 

"Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деді Қазақстан Президенті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети