Қырғызстанмен шекарада жоспарлы операция жүргізіліп жатыр - ҚР ҰҚК Шекара қызметі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанмен шекарада жоспарлы операция жүргізіліп жатыр - ҚР ҰҚК Шекара қызметі Видеодан алынған кадр

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша, оның ішінде қазақ-қырғыз учаскесінде жоспарлы шекаралық операция жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша, оның ішінде қазақ-қырғыз учаскесінде жоспарлы шекаралық операция жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Операцияның мақсаты - шекара кеңістігінде заңға қайшы әрекеттердің, террористік, контрабандалық және өзге де қылмыстық іс-қимылдың жолын кесу, шекаралық режимнің және көші-қон заңнамасының сақталуын қадағалау. Осыған орай шекарадан өтетін тұлғаларды, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды тексеру күшейтілді. Сонымен бірге, шекараны өтуге қандай да бір шектеулер мен тыйымдар салынған жоқ. ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелері және әскери қызметкерлерінің іс-әрекеті Қазақстан және шетел азаматтарының құқықтары шектелмей, қатаң заңнама шеңберінде іске асырылып жатыр", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан-Қырғызстан шекарасында бірнеше шақырымға созылған кептеліс болғаны хабарланған еді. "Қырғыз Республикасында президент сайлауына дайындық және сайлаудың өтуіне байланысты Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі күшейтілген режимге өтті", - деген еді Қырғызстанның шекара қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети