Қызылорда әкімінің жалақысы қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда әкімінің жалақысы қанша?

Қызылорда әкімдігінің өкілдері қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда әкімдігінің өкілдері қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктегілердің айтуынша, қала басшысының жалақысы -  515 149 теңге. Бұл ең төменгі 18 жалақыға тең. Әкімнің салықты заңнамаға сәйкес уақтылы төлейтіні айтылады.

"Жылдық орташа табысы (үстеме ақша мен сыйлықақыны қосқанда) - 8 387 105 теңге. Жыл сайын төлейтін салық мөлшері - 555 516 теңге", - деді әкімнің баспасөз қызметіндегілер.

Мұның алдында Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевтың жалақысы аталған еді. Әкімдіктегілердің айтуынша, қала әкімі айына 476 580 теңге жалақы алады.

Кейінірек Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің айлық жалақысы қанша екенін айтқан болатын. Ақмола облысы бойынша облыс орталық әкімінің айлық көрсеткіші - 451 627 теңге.

Ал Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айына 967 672 теңге алады екен. Кейін Павлодар қаласының әкімі қанша алатыны белгілі болды. Әнуар Көмпекеевтің мөлшерлемесі - 462 245 теңге.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети