Радикалдар Мәскеуде және Қазақстанда "Париж оқиғалары" үлгісінде теракт ұйымдастырмақ болған - ҚР ҰҚК

05 Қыркүйек 2016, 17:03
0
Радикалдар Мәскеуде және Қазақстанда "Париж оқиғалары" үлгісінде теракт ұйымдастырмақ болған - ҚР ҰҚК - © techinsider.io
© techinsider.io

Радикалдар Мәскеуде және Қазақстанда Париждегідей теракт ұйымдастырмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК өкілдеріне сілтеме жасап. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҰҚК антитеррористік орталық штабының өкілі Сәкен Мыңбаев хабарлады. 

"Тағы бір лаңкестік топ шетелдік лаңкестердің тапсырмасы бойынша Мәскеуде және Қазақстан территориясында Парижде 2015 жылдың қарашасында болған оқиғалардың үлгісі бойынша теракт жасағысы келген. Ақпан айында елордамызда осы топтың бес адамы ұсталып, лаңкестік әрекеттерге қатысқаны үшін сотталған болатын. Олардың ішінде Қазақстанның, Ресейдің және Тәжікстанның азаматтары болған", - деп мәлімдеді спикер. 

"Орталық Азия елдерінің төрт азаматынан тұратын тағы бір топты Мәскеуде ресейлік әріптестер ұстады. Қылмыскерлер Мәскеуде Жеңіс күні теракт жасауды жоспарлаған", - деді ол. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, радикалдар тобы Алматы облысында Шекара қызметінің, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне, күш құрылымдарының жоғары лауазымды қызметкерлеріне және Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілдеріне қарулы шабуыл жасауды жоспарлаған. Қазақстанда ұсталғандар ұшақты алып кетпек болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай