Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Рахат Әлиев қоқыс қапшығының бауына асылып қалды - адвокат

24 Ақпан 2015, 19:23
5
Адвокат Анна Цайтлингер. ©Tengrinews.kz
Адвокат Анна Цайтлингер. ©Tengrinews.kz

Рахат Әлиев қоқыс қапшығының бауына асылып қалды, бұл туралы "Нұрбанк" топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің өлімі бойынша істе зардап шегуші тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Анна Цайтлингер Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында айтты. 

Анна Цайтлингер Венаның ресми органдары бүгін таратқан Рахат Әлиевтің өлімі жайлы ақпараттың кейбір мәліметтерін бөлісті. "Біз дерекке сүйенеміз. Венаның құзырлы, өкілетті мемлекеттік органдарының айтуынша, бүгінгі дерек - таңғы 7:20-да рахат Әлиевтің денесінің оның іштен қамалатын камерасындағы ванна бөлмесінде қоқыс қапшығының бауымен ілмекке асылған күйі табылғаны. (...) Өкілетті органдардың хабарлауынша, ол камерада жалғыз болған, себебі өз өтініші бойынша тергеу изоляторының медицина бөлігінде отырған", - деді "Lansky, Ganzger + partner" адвокаттар бюросының өкілі Анна Цайтлингер.

"Менің білуімше, Австрия БАҚ-тары таратқан хабарларда Рахат Әлиевтің өлімі расталғаны айтылған: тергеу изоляторының осы мәселе бойынша құзырлы адамы, жаза орындау жөніндегі дирекция жетекшісі, Вена прокуратурасының өкілі, прокуратура спикері оқиға болған жерде барлық қалдықтарды, мәйітті зерттеу үшін барлық шаралардың қолданып жатқанын растады. Мәйітті сою белгіленді, қылмыстық қызмет қызметкерлерінің оқиға болған жерді зерттеді. Тергеу әрекеттерінің дереу өткізіліп жатқаны мәлім етілді", - деді ол.

Цайтлингердің айтуынша, таяу уақытта Вена прокуратурасы сараптамалардың қорытындысын жария етіп, болған оқиғаның жай-жапсарын хабардар етуге уәде берді. "Нұрбанк" банкирлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің өлімі бойынша іске келсек, айыптау қорытындысы заңды күшіне енген жоқ, себебі Әлнұр Мұсаевтың айыптау қорытындысына жасаған шағымы күтіліп отыр. Болжам бойынша, соттың іс қарауы осы жылдың көктемінде болады және бізде өзге кесте бойынша жүруге негіз жоқ", - деді адвокат.

Сонымен қатар, Цайтлингер бүгін түстен кейінгі уақытта Австрияның "Ö-1" радиосының жаңалықтарында Йозефштадт тергеу изоляторының спикері суицидтің болғанына 100 пайызға сенімді екенін мәлімдегені айтылды. Оның айтуынша, бір камерадан екінші камераға өту сәті видеобақылау камерасына жазылады. Бұл жазбаларды зерттегеннен кейін түнде Әлиевке ешкімнің бармағанын дәлелдеуге болады. 

Айта кетейік, бұл адвокаттар бюросы "Нұрбанк" топ-менеджерлерінің өліміне қатысты істе зардап шеккендердің мүддесін қорғайды. Бұрын Рахат Әлиев, Әлнұр Мұсаев және Вадим Кошляктың банкирлер Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті өлтірді деп айыпталып отырғаны хабарланған болатын. Бұл оқиға бірнеше жыл бұрын болды.

Еске сала кетейік, бүгін ақпарат құралдары Рахат Әлиевтің өлімі туралы хабар таратты. Ол Йозефштадт түрмесінде қайтыс болды. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай