Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Рахат Әлиевтің қанынан есірткі заттары табылды - БАҚ

27 Ақпан 2015, 18:13
2
Рахат Әлиев. Фотосурет Facebook.com беттерінен алынды
Рахат Әлиев. Фотосурет Facebook.com беттерінен алынды

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің қанынан есірткі заттары табылды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Бұл ақпаратты Австрия прокуратурасы растады. Еске салайық, Рахат Әлиев 23 ақпан күні түнде түрмеде асылып қалған күйі табылған болатын. 

"Бұрынғы қазақ елшісі Рахат Әлиевтің өлімінен соң оның қанынан алынған сынамаларда есірткі заттары бар екені туралы хабарламалар тарады. Прокуратура Әлиевтің қанында есірткі заттарының табылғанын растады", - делінген Австрияның ақпарат құралдарының хабарламасында. Олардың мәліметінше, әңгіме ағзадан барбитураттардың (дәрі) ізін анықтаған алдын ала тест туралы болып отыр. 

Бұл мәліметтердің дұрыс-бұрыстығы бірнеше күннен соң белгілі болатын токсикологиялық зерттеулердің нәтижесінен кейін анықталады. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Австрияда барбитураттарға тыйым салынған, демек, бұл препаратты Рахат Әлиевке түрме дәрігерлері берді деуге негіз жоқ. 

The Local басылымы Рахат Әлиевтің денесі табылған камерадан оның күнделігі де шыққанын хабарлады. Басылым сілтеме жасаған прокуратура өкілінің айтуынша, бұрынғы елшінің суицидке не себепті барғанын анықтау үшін қазір бұл күнделік орыс тілінен неміс тіліне аударылып жатыр.

Еске салайық, Рахат Әлиев Венадағы Йозефштадт түрмесінде қайтыс болған еді. Оның денесі 23 ақпан күні түнде асылып қалған күйі табылды. Кейін Австрияның әділет министрлігі бұрынғы елшінің өзін-өзі өлтіргенін растады. Бұл оқиғаның алдында Әлиев өзінің өтініші бойынша үшорындық камерадан жалғыз адамдық орынға ауыстырылған. Оның өзіне-өзі қол жұмсағаны мәйітті союдың нәтижесінде де расталды. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай