Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Рахат Әлиевтің өзін-өзі өлтіргені сараптаманың алдын ала нәтижесінде дәлелденді

25 Ақпан 2015, 19:33
2
Рахат Әлиев. ©Johannes Kemmayer
Рахат Әлиев. ©Johannes Kemmayer

Рахат Әлиев мәйітіне жасалған сараптаманың алдын ала қорытындысы оның суицид жасағанын дәлелдеді, бұл туралы Вена прокуратурасы жетекшісінің орынбасары Герхард Ярош мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Austria Presse Agentur агенттігіне сілтеме жасап.

"Мәйітті союдың алдын ала қорытындысы бойынша, Рахат Әлиевтің өліміне өзге тұлғалардың қатысы барына дәлел болатын ешқандай айғақ жоқ", - деп мәлімдеді Ярош. Мәйітті сот-медицина сараптамасы маманы сойды. Мұнымен қатар, Венаның қылмыстық іздестіру басқармасы оқиға болған жерге және түрмедегі бақылау камераларына түскен видеожазбаларға талдау жүргізді. "Бұл сараптама да Рахат Әлиевтің өзгелердің қолынан қаза таппағанын көрсетті", - деді Ярош.  

Оның айтуынша, тергеушілер қайтыс болған Рахат Әлиевтің қанына жасалған сараптаманың қорытындысын алуы тиіс. "Бұл мәліметтер бірнеше күннің ішінде алынады. (...) Өлімнің түпкілікті себебі мәйітті сою туралы жазбаша есепте көрсетіледі", - деді прокуратура өкілі.

Еске салайық, Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев Йозефштадт түрмесінде қайтыс болған еді. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ол 23 ақпан күні асылып қалған күйінде табылған. Кейін Австрияның әділет министрлігінің өкілдері бұрынғы елшінің өзін-өзі өлтіргенін растады. Бұл оқиғадан бұрын Әлиевтің үш орындық камерадан бір орындыққа ауысқаны белгілі болды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай