Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Рау "Арселордағы" еңбек дауының себептерін атады

14 Наурыз 2014, 14:26
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау "АрселорМиттал Теміртау" компаниясындағы жұмысшылар ереуілінің себептері жайлы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Арселорда", айтуға ұят, онда біліктілік дәрежелері арасындағы айырма көп емес, тиын-тебен. Әрине, мұндайда біліктілікті арттыру бойынша жұмыс істеуден гөрі шу шығару оңай. Бұл жерде, тура айтайын, біздің әкімшілікпен түсіністігіміз аса жақсы емес", - деді Альберт Рау Мәжілісте өткен "Еңбек қатынастарын реттеу мен ҚР кәсіподақтарын жаңарту" тақырыбындағы конференцияда сөйлеген сөзінде.

Ол мәселе көп ақшаға тіреліп тұрмағанына қарамастан, кәсіпорын басшыларының жағдайды түзеуге құлықсыз екенін айтты. "Біз 2014-2016 жылғы кезеңге арналып қол қойылған құжат шеңберінде бұл жұмысты жалғастырамыз. Біз бұл мәселені: біліктілік разряды бойынша, мамандықтар бойынша және басқалар жөнінде ескерттік", - дейді вице-министр.

Сонымен бірге, Рау кәсіпорын жұмысшыларына сыртқы нарықтарда біздің экспорттық топтарға қатысты жақсы жағдай қалыптаспай отырғанын түсіндіру керектігін де ескертті. "Адамдар түсінуі керек, оның үстіне, біз 90-жылдары бұдан да жаман жағдайды бастан өткердік", - дейді ол.

Вице-министр компания жетекшілерінің кейде ашық түрде жөнсіз кететінін де айтты. Мысалы, Раудың айтуынша, олар "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің балаларына жазғы лагерьлерге жолдама беруді тоқтатуды және 13-жалақыны қысқартуды ойластырған. "Былайынша көзі ашық, Еуропадан келген менеджерлер, бірақ бізге олармен үнемі жоғары тонмен сөйлесуге тура келеді. Маған кейде оларға кәсіпорында шиеленістің болғаны ұнайтындай көрінеді. Егер шиеленіс болмаса, ойлап табатын сияқты", - дейді Рау.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай