18 мамыр 2022 | 09:23

Референдумға бөлінген 16,4 миллиард, Украинадағы жағдай. 17 мамырда Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Референдумға бөлінген 16,4 миллиард теңге қалай жұмсалатыны айтылды. Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды. Швеция СІМ НАТО-ға кіру туралы өтінішке қол қойды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Референдумға бөлінген 16,4 миллиард теңге қалай жұмсалатыны айтылды. Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды. Швеция СІМ НАТО-ға кіру туралы өтінішке қол қойды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

Текелідегі көшкіннің алдын ала себебі айтылды 

Мамандар Алматы облысының Текелі қаласындағы лай көшкіні тау баурайынан келгенін айтты. Алдын ала болжам бойынша, нөсер жаңбыр мен көше бойындағы су құбырының жарылуынан көшкін жүрген. Мамандар төтенше жағдайдың салдарын жоюмен бір тәуліктен аса уақыт айналысып жатыр. Қайғылы оқиға орнына әскери қызметшілер, төтенше жағдайлар күштері, еріктілер мен қала кәсіпорындары жұмылдырылды

Реклама
Реклама

Қазақстанда Qnet компаниясына қатысты қылмыстық тергеу басталды 

Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты. Халыққа ақпарат беру мақсатында Qnet компаниясының қызметіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 217-бабы ("Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету") бойынша Алматы қаласы ПД Соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс тергеліп жатыр. Рустам Әбдірахмановтың мәліметінше, тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 939,3 миллиард теңгеден аса зейнетақы төленген 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы сәуірде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 163,1 миллиард теңге бөлінді. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 245 мыңнан асты. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 193 теңге болды.

Референдумға бөлінген 16,4 миллиард теңге қалай жұмсалады? 

Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалады. Бұл соманың 80 пайызға жуығы комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге кетеді. Ал қалған бөлігі дауыс беру учаскелеріне материалдық-техникалық көмек көрсетуге, референдумның орталық, учаскелік және аумақтық комиссияларының жұмысын жүргізуге, баспа өнімдерін дайындауға, сондай-ақ, ақпараттық қолдау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жұмсалады. Мұны Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді.

Тоқаев Үкімет басшылығымен кеңес өткізді 

Кеңес барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, шекара маңындағы өңірлер ықпалдастығының кешенді мәселелері қарастырылды.Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып, Үкімет басшылығына екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін реттеу міндеті жүктелді.

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды 

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 10 жылға сотталды. Шенеунік жазасын қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтейді. 17 мамырда Атыраудың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен Құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровқа қатысты үкім шықты. Олар "Аса ірі мөлшерде пара алуға оқталу" бабы бойынша қылмыс жасады деп айыпталды. Нұрлан Таубаев кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Тимур Басаровқа бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталған экс-шенеуніктерге өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет істеуге тыйым салынды.

Фото: gov.kz

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 115 доллардан асты 

Brent мұнайының бағасы барреліне 115 доллардан асты. Бұл ақпарат Лондон биржасының сауда-саттық деректері бойынша расталды. Кеше Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,84 пайызға өсті

Швеция СІМ НАТО-ға кіру туралы өтінішке қол қойды 

Швеция СІМ басшысы Анн Линде елдің НАТО-ға кіруі туралы өтінішке қол қойды. Бұл туралы Анн Линде Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта НАТО-ға мүшелік ету - Швеция үшін ең ұтымды шешім. Құжат Финляндияның мәлімдемесімен бірге осы аптаның соңында Брюссельдегі Солтүстік Атлантикалық альянстың штаб-пәтеріне ұсынылады.

Украина Ресеймен келіссөздер уақытша тоқтағанын растады 

Бұл туралы Украина Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк украиналық телемарафон эфирінде мәлімдеді. Оның айтуынша, процесс тоқтатылды, бірақ бұл тараптар келіссөздер үстеліне енді отырмайды дегенді білдірмейді.

"Қазір ол тоқтатылды, өйткені Стамбул коммюникесінен кейін ешқандай алға жылжу жоқ. Ресей Федерациясы әлі де стереотипті ойлайды. Бірақ кез келген соғыс келіссөздер үстелінде аяқталады және менің ойымша, Зеленский мырза бұл процесті модерациялайды", - деді Подоляк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная