17 мамыр 2022 14:11

Референдумға бөлінген 16,4 миллиард теңге қалай жұмсалады?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалады. Бұл соманың 80 пайызға жуығы комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Мұны Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалады. Бұл соманың 80 пайызға жуығы комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Мұны Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Референдум өткізуге қаражат Үкімет резервінен бөлінеді. Мұстафинаның сөзінше, комиссия шотына ақша әлі түспеген.

"Бұл соманың 21 пайызы (3 миллиард 456,6 миллион теңге) дауыс беру учаскелерін материалдық-техникалық көмек көрсетуге, референдумның орталық, учаскелік және аумақтық комиссияларының жұмысын жүргізуге, баспа өнімдерін дайындауға, сондай-ақ, ақпараттық қолдау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге кетеді", - деді Мұстафина.

Оның айтуынша, шығынның басым бөлігі баспа өнімдерін, соның ішінде бюллетеньдерді, сонымен қатар, нашар көретін және зағип жандарға арналған трафареттерге кетеді.

"79 пайыз (13 миллиард 3 миллион 400 мың теңге) комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Еңбекақы ел бойынша орташа айлық жалақы көрсеткішіне сай", - деп түсіндірді Сәбила Мұстафина.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын. Кейін Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети