Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин дума депутаттарының мәлімдемесіне пікір білдірді. "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында елші Ресей мен Қазақстанда жер бойынша наразылықтар жоғын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин дума депутаттарының мәлімдемесіне пікір білдірді. "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында елші Ресей мен Қазақстанда жер бойынша наразылықтар жоғын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Елдеріміз арасындағы шекара келісіммен бекітілген. Ресей-Қазақстан қарым-қатынасының күн тәртібінде жерге қатысты шағымдары жоқ. Мүлдем жоқ. Әрине, Ресей Қазақстан егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын құрметтейді", - деді ол.
Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери келісімде не жазылғанын да айтып берді.
"Ресей Қазақстанның, Қазақстан Ресейдің аумақтық тұтастығын қорғауға міндеттелеміз. Менің ойымша, жер тақырыбын қоздыратын адамдар еліміздің арасындағы достық қарым-қатынасына зиян келтіру мақсатын көздейді", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін ресейлік "Первый канал" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. Депутат эфир барысында Қазақстан деген ел болмады деген.
"Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда бұрын мүлде қоныстанбаған. Олар болған, бірақ оңтүстікке жақын. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы - Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйлығы", - деген еді Никонов "Большая игра" бағдарламасында.
Кейін СІМ ресейлік депутаттың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне жауап берді.
Даулы мәлімдеме жасаған ресейлік депутат өз сөзін былай түсіндірген:
"Қазақ КСР шекарасын бекітуде Қазақстан мүддесі толықтай ескерілді. Кейін Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ыстық ілтипатымды білдіріп, "Большая игра" бағдарламасында мен дәл осы нәрсені айттым", - деп жазды ресейлік депутат Telegram-каналында.
Ресейлік журналист Венедиктов Никоновтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
"Жынымды келтірмеңізші!" - Серік Жұманғарин ресейлік депутаттарға жауап берді
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!