24 желтоқсан 2020 09:18

"Жынымды келтірмеңізші!" - Серік Жұманғарин ресейлік депутаттарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Ресей Мемдумасы депутаттарының Қазақстан территориясына қатысты айтқан мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Ресей Мемдумасы депутаттарының Қазақстан территориясына қатысты айтқан мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді біздің аумағымыздың, шекарамыздың тұтастығына қол сұққан ресейлік депутаттар мен саясаттанушыларға тарихты түсіндірді.

"Жоғары білімі бола тұра, Отанымыздың тарихын біле тұра, орыс тілінде былай жауап беремін - это бред сивой кобылы. Сыртқы істер министрі ретінде мен бұл сөздер Ресей Федерациясының ресми позициясы емес екенін айта аламын Сыртқы істер министрі ретінде бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымына сәйкес келмейтінін айтқым келеді". Қазақ халқы арасында бұл сөз "жынымды келтірмеңізші!" дегенді білдіреді"- деп жазды Жұманғарин.

"Это бред сивой кобылы". Сыртқы істер министрі дума депутаттарына орысша жауап берді

Еске салайық, РФ Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің төрағасы және "Большая игра" бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов мемлекеттік ресейлік "Бірінші арна" эфирінде "Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстан мүлде қоныстанған жоқ" деп мәлімдеген еді. Видеоны біздің Telegram-каналымыздан көруге болады.

Депутаттың сөзіне мәжілісмендер мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед жауап берген болатын.

"Бұл саяси жауапсыздық қана емес, ғасырлар бойы біздің ортақ игілігіміз - халықтар арасындағы достықты қалыптастырған миллиондаған қазақ пен орысты қорлау", - деген еді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети