23 желтоқсан 2020 11:30

"Это бред сивой кобылы". Сыртқы істер министрі дума депутаттарына орысша жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Тілеуберді.  Фото: mfa.kz Мұхтар Тілеуберді. Фото: mfa.kz

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Мемдумасы депутаттарының Қазақстан территориясына қатысты айтқан мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Мемдумасы депутаттарының Қазақстан территориясына қатысты айтқан мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл шын мәнінде өзекті мәселе екенін түсінесіздер. Депутат Никоновтың мәлімдемесінен кейін Сыртқы істер министрлігінің ғимаратына РФ елшілігінің уақытша өкілін шақырттық, себебі елші Мәскеуде іссапарда жүрген. Орынбасарым оны қабылдады, оған ресми түрде нота жолдап, СІМ-нің ресми позициясын айттық. Мұндай жағдайда әдетте екінші тарап бұған жауап бермейді, бірақ қабылданған шаралар туралы хабарлады. Олар Парламентпен және Президент әкімшілігімен хабарласып, мұндай сөздер жарияланбауы керегі туралы сынын айтты. Ал Федоровтың сөздеріне келер болсақ, ол кеше де сөзін қайталады, маған қазақ ретінде, Қазақстан азаматы ретінде бұл менің абыройыма тиеді. Жоғары білімі бола тұра, Отанымыздың тарихын біле тұра, орыс тілінде былай жауап беремін - это бред сивой кобылы. Мұндай мәселелер көтерілгенде бірінші кезекте тарихшыларға, ғалымдарға сүйену керек. Сыртқы істер министрі ретінде мен бұл сөздер Ресей Федерациясының ресми позициясы емес екенін айта аламын", - деді министр.

"Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік шекарамыздың делимитациясы заң жүзінде өткізілді, елдеріміздің арасында заң тұрғысында екіжақты келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда біз мемлекеттік шекара демаркациясын жүргізіп жатырмыз, бірақ пандемияға байланысты бұл процесс тоқтатылған, сондықтан алдағы үш жыл бойында демаркацияны аяқтаймыз. Екі мемлекет арасында стратегиялық серіктестік орнатылды. Барлық екіжақты құжатта бұл нақты көрсетілген және Ресей Федерациясымен халықаралық құқықтық негізде қарым-қатынасымызды дамыта береміз", - деді Мұхтар Тілеуберді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Еске салайық, РФ Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің төрағасы және "Большая игра" бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов мемлекеттік ресейлік "Бірінші арна" эфирінде "Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстан мүлде қоныстанған жоқ" деп мәлімдеген еді. Видеоны біздің Telegram-каналымыздан көруге болады.

Депутаттың сөзіне мәжілісмендер мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед жауап берген болатын.

"Бұл саяси жауапсыздық қана емес, ғасырлар бойы біздің ортақ игілігіміз - халықтар арасындағы достықты қалыптастырған миллиондаған қазақ пен орысты қорлау", - деген еді ол.

Сондай-ақ Tengrinews.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында бұл жағдайға белгілі ресейлік музыкалық продюсер Иосиф Пригожин түсініктеме берген болатын.

Никоновтың сөзіне қатысты сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясының Уақытша Сенімді өкілі Александр Комаровтың кездесуі өтті.

Никоновтың өзі телеграм-каналында арандатушылық мәлімдемесін түсіндіруге тырысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети