16 наурыз 2017 11:38

Ресей Қазақстан территориясында қандай сынақ жүргізген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қорғаныс министрінің орынбасары Ресейдің Ембі полигоны территориясында қандай сынақтар жүргізгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрінің орынбасары Ресейдің Ембі полигоны территориясында қандай сынақтар жүргізгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор Мұратбай Жолдасбаев Парламент палатасының отырысында қорғаныс министрінің орынбасарынан Емді сынақ полигонында қандай қару түрлерінің қолданылғанын сұрады.

"Химиялық немесе биологиялық қару түрлері қолданылды ма? Қандай да бір экологиялық немесе топырақ-химиялық сараптама жүргізілді ме? Бұл сұрақты жеріміздің қандай жағдайда қайтарылып жатқанын түсіну үшін қойып отырмын", - деді депутат. 

Министрдің орынбасары полигонның 1960 жылы зерттеу жұмыстарын, жаттығуларды жүргізу үшін құрылғанын айтты. 

"Негізінде ол жақта құрлық әскерінің әуе шабуылына қарсы қаруы қолданылды. Барлық ракета отынмен атылады, басқа қаруларға қарағанда мұның табиғатқа зияны жоқ. Сонымен қатар, өткен жылы біз әкімдікпен бірге зерттеу жүргіздік, топырағын тексердік. Зертхана сараптамасының қорытындысында нормадан асатын жағдай болмады", - деп хабарлады Оқас Сапаров.

Сенат депутаты Икрам Адырбековтың айтуынша, Қазақстан Президенті полигондар санын азайтуды тапсырған. 

"Осыған байланысты 2014-2016 жылдар аралығында Қарағандыда, Атырауда, Қызылордада, Ақтауда және Батыс Қазақстан облысында, Сарышаған полигонында, Шуда қысқартылып, 1,5 миллион гектар жер берілген. Бұған депутаттарымыздың ықпалы болғанын білеміз. Осыған байланысты біздің қоғамда түрлі дүрлігу пайда болды. Қазір тынышталды", - деді сенатор Адырбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети