16 қазан 2020 18:00

Ресей Қазақстанға Ұлы Отан соғысында жазылған құжаттарды табыстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа мұрағаттағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жауды талқандауға республика халқының қосқан үлесі туралы құжаттарды тапсырды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа мұрағаттағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жауды талқандауға республика халқының қосқан үлесі туралы құжаттарды тапсырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін мен Қазақстан халқының біздің ортақ жеңісімізге қосқан үлесі жазылған мұрағат құжаттарды сыйға тарттым. Сізге осы құжаттарды беремін", - деді Шойгу.

Жинақтың аты - "Ортақ Жеңістің сарбаздары. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан".

"Мұнда біздің мұрағаттардан барлық полк, бөлімше, бөлімдер туралы, соғысқан жерлер туралы материалдар бар. Мұнда бас штаб басшысы мен штаб жетекшісінің шынайы құжаттары мен шешімдері берілген. Сондай-ақ, сіздерге панфиловшылар туралы алғашқы жазылған газетті алып келдім", - деді Шойгу.

Сонымен қатар, ол әріптесіне Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов туралы мұрағат жазбаларды тапсырды.

"Көп рақмет. Біз үшін өте құнды материал", - деп жауап берді Ермекбаев.

"Қыркүйекте құрметті Нұрлан Байұзақұлы "Еске алу жолы" мұражай кешеніне барды. Қазақстан тарапы өзінің ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға белсенді қатысқанын атап өткім келеді", - деді Шойгу.

Ол Қазақстан мұрағатының қызметкерлері мен Ермекбаевқа "осы бірегей мұражайды құруға қосқан зор үлесі үшін" алғысын білдірді.

"Бұл Ұлы Отан соғысының барлық қатысушысының есімдері мен суреттері шоғырланған орын. "Еске алу жолын" құруға осылай белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз", - деп атап өтті Шойгу.

Жоба аясында әрбір қазақстандық Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлері мен еңбек майданы қатысушыларының естеліктері мен баға жетпес әңгімелер мұрағатын толтыруға қатыса алатынын еске саламыз. Ол үшін сайттағы сауалнамаға ардагердің аты-жөні, туған күні, әскери қызметі немесе тылдағы жылдары туралы қысқаша ақпарат көрсетіп, суретін тіркеу қажет. Әңгімелер Whatsapp-тағы +7-70-09-05-1945 "жеңімпаз" Tele2 нөмірі бойынша да қабылданады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети