Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Ресей кондитерлері мен май жасаушылары қазақстандық тұтынушыларды алдап келген

10 Сәуір 2015, 19:47
0
© solpro.ru
© solpro.ru

Қазақстанда техникалық регламенттерге сай келмейтін кондитерлік және май өнімдері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кондитерлік және май өнімдерін зерттеу кезінде техникалық регламенттерге сәйкессіздік және тұтынушыларды алдау анықталды. Айта кетейік, ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері бөлшек сауда желісінде өткізілетін май және кондитер өнімдеріне зерттеу жүргізді.

Комитеттің мәліметтері бойынша, тұтынушыларды алдау Қызылорда қаласындағы "Аль-Асад" сауда үйінде Махеевъ "Оливковый" майонезін (өндіруші "ЭССЕН Продакшн" ЖАҚ, Самара облысы) өткізу кезінде анықталды. Норма бойынша - 67 пайыз, ал ондағы майдың құрамы 55 пайызға тең. Сондай-ақ, осы сауда үйінде сатылған "Саратовский 67 пайыз" майонезінің (өндіруші "Жировой комбинат" ЖАҚ, Саратов қаласы) құрамындағы қышқыл жоғары болған.

"Сонымен қатар, "Крестьянское" сары майының сынамасында (өндіруші "Рост" ӨК" ЖШҚ, Новосібір қаласы) Павлодар қаласындағы "Мирас" сауда үйінде өткізілетін майдың нақты массасы үлесінің, ылғалының, энергетикалық құндылығы сәйкес келмейтіні анықталды. Бұдан басқа, май өнімінің 8 түрінде: Екатеринбург қаласы "Жировой комбинат" ААҚ, Самар облысы "ЭССЕН Продакшн" ЖАҚ, "ЭФКО" ААҚ (Белгород және Свердлов облыстары) майонездерінің сынамаларында, Ростов-на-Дону қаласының "МЭЗ Юг Руси Ростов" филиалының "Золотая семечка" күнбағыс майы сынамасында техникалық регламенттерге сәйкессіздіктер анықталды. Комитеттің департаменттері бұл өнімдерді айналымнан алып тастау және оларды сәйкес келмейтін тауарлар тізіліміне енгізу жөнінде іс-шараларды жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Ал кондитерлік өнімдерді зерттеу кезінде "Аленка" шоколадында ашытқының 8,5 есеге артқаны байқалды. Сынама ШҚО Өскемен қаласының "АлмаСтор" ЖШС филиалы "АДК" сауда үйінде алынды. Орман жаңғағы қосылған "Алена" шоколадын Мәскеу қаласы, Краснознаменная көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан "Красный октябрь" ААҚ өндіреді.

"Кондитерлік өнімдердің 10 сынамасында: Липецк қаласының "Липецкая кондитерная фабрика "Рошен" ААҚ, Мәскеу облысының "Марс" ЖШҚ, Кемер облысының "Яшкино" КДВ ЖШҚ, Волгоград облысының "Руский бисквит" ЖАҚ, Белгород облысының "Славянка плюс" ЖШҚ кондитерлік бұйымдарының сынамаларында техникалық регламенттерге сәйкессіздіктер анықталды", - делінген хабарламада.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай