21 мамыр 2022 12:07

Ресей Қорғаныс министрлігі "Азовсталиді" басып алғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Ресей Қорғаныс министрлігі "Азовстали" аумағына толық бақылау орнатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей Қорғаныс министрлігі "Азовстали" аумағына толық бақылау орнатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 20 мамырда "Азов" батальонының жауынгерлерінің соңғы тобы - 531 адам, оның ішінде бөлім командирлері берілді. 16 мамырдан бастап "Азовстали" қорғанысын ұстап тұрған 2439 украин әскері тұтқынға түсті. Комбинаттың жерасты құрылыстары Ресей әуе кемелерінің бақылауына өтті. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу бұл туралы президент Путинге хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский Мариупольдағы "Азовсталь" металлургия зауытының Ресей әскеріне берілгенін жанама түрде растады. Кәсіпорындағы адамдардың барлығы дерлік зауыттан шығарылды, деді Зеленский 24 мамырда кешке "Украина 24" телеарнасында көрсетілген сұхбатында. "Азаматтар шығарылды. Дәрігерлер шығарылды. Ауыр жараланғандар шығарылды. Жақын арада бәрін шығару аяқталады", - деді ол.

Зеленский тұтқындалған украиналық жауынгерлермен жағдай қиын екенін айтты. "Жігіттер әскери қызметкерлерден олардың шығуға және өз өмірін сақтауға толық құқығы бар екені туралы сигнал алды", - деді ол. 

Сонымен қатар, ол Мариупольді қорғау кезінде Украина әскери авиациясы үлкен шығынға батқанын хабарлады.

Euronews мәліметінше, "Азов" қолбасшылығы Мариупольдегі қақтығыстың соңғы ошағы - арнайы мақсаттағы бөлімше қару-жарағын тастағанын растады. "Жоғары әскери қолбасшылық гарнизон сарбаздарының өмірін сақтап қалуға және қаланы қорғауды тоқтатуға бұйрық берді", - деді "Азов" командирі Денис Прокопенко металлургия зауытында түсірілген видеода.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети