19 наурыз 2014 | 15:27

Ресей "Протон-М" апаты бойынша ұстанымын әзірлеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Қазақстанның "Протон-М" зымыран тасығышы апатына байланысты шығын өтеу туралы үндеуіне орай келісілген ұстаным шығару үшін мемлекетішілік рәсімдерді жүргізіп жатыр деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" "Роскосмостың" Қазақстандағы өкілі Анатолий Красниковқа сілтеме жасап. "Барлық мүдделі федералдық органдармен бірге Ресей тарапының ұстанымын келісіп алу керек, сол себепті біз әзірше жауап дайын болды деп айта алмаймыз", - деді Анатолий Красников. Ол бұл бағытта жұмыстың жүргізіліп жатқанын, тоқтатылмағанын айтты. "Бұл мәселе туралы үнсіз қалмаймыз. Іс жылжиды. Сондықтан біздің ұстанымымыз жария етіледі және бұл жөнінде ең бірінші қазақстандық тарап білетін болады деп ойлаймын", - деді "Роскосмос" өкілі. Ресей тарапының келісу процесінің қашан аяқталатыны туралы сұраққа Красников "бұл мерзім Ресей Федерациясы үкіметі және атқарушы биліктің федералдық органдары жұмысының регламентіне байланысты болады" деп жауап берді. "Ресей тарапы естіп отыр, Ресей тарапы естіді, Ресей тарапы жұмыс істеп жатыр. Барлық рәсімнің жүргізілуіне қарай жауап берілетін болады", - дейді Красников. Бұған дейін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев зымыран тасығыш апатына байланысты Ресейден шығын өндіру мәселесінің созылып бара жатқанын айтқан болатын. Еске салайық, үш "Глонасс М" аппараты бар "Протон-М" зымыраны "Байқоңыр" ғарыш айлағының 81-алаңынан 2013 жылдың 2 шілдесінде ұшырылған болатын. Ол старттық үстелден ажыраған бойда бірден бағытынан тайып, әуеде бөлшектене бастады да, жарылды. Зымыран тасығыштың бортында 600 тонна гептил, амил мен керосин болды. ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мәліметінше, еліміздің экологиялық ахуалына келген шығын көлемі 13 млрд теңгеден асады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети