Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ресей зымырандарының ұшырылымы елімізбен келісілген

05 Наурыз 2014, 14:17
0
©Vg-news.ru
©Vg-news.ru
Ресей наурыз айында тағы екі сынақ зымыранын ұшырады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Қорғаныс министрлігі 2014 жылдың 19 ақпанында сынақ жүргізуге тапсырыстар алды және олар 28 ақпан күні мақұлданды", - делінген таратылған хабарламада. Соған байланысты қорғаныс ведомствосы белгіленген тәртіп бойынша барлық мемлекеттік және жергілікті органдарды хабардар етті.

"Жоспарға сәйкес, биылғы наурыз айына сынақ зымырандарының үш ұшырылымын орындау көзделген", - дейді министрліктің баспасөз қызметі. Мұның алғашқысы ұшырылғаны белгілі. Министрлік мамандарының хабарлауынша, бүгін ұшырылған "Тополь-Э" баллистикалық зымыранын сынау нәтижелері талданып, Қазақстан мен Ресей Федерациясының Қарулы күштерінің мүддесі үшін пайдаланылатын болады.

Еске салайық, бүгін - 5 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 00.10-де "Тополь-Э" баллистикалық зымыранының сынағы жасалды. Ресми мәлімет бойынша, ұшырылым штаттық режимде өтті, яғни ешқандай олқылық болған жоқ.

Қазақстан мен Ресей арасындағы 1992 жылы қабылданған Қазақстан аумағындағы сынақ полигондарын пайдалану туралы келісімді іске асыру шеңберінде 2013 жылдың 29 қарашасында екі елдің қорғаныс министрліктері арасында сынақ жұмыстарын жүргізудің жоспары бекітілгенін атап өту керек.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай